Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Жаңалықтар » БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Warning: Undefined array key "tie_sidebar_pos" in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

Warning: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/includes/post-head.php on line 5

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Асан Маханбетов Жетісай ауданындағы телеарна, басылымдар мен сайттардың журналистері, сала ардагерлерін құттықтап, өңірдің медиа кеңістігін дамытуға қосқан үлестерін ерекше атап өтті.

«Аудандық бұқаралық ақпарат құралдары әрдайым жоғары жауапкершілік және кәсіпқойлықпен ерекшеленеді. Аймақта 1 телеарна, 5 мерзімдік басылым және көпетген ақпараттық портал редакциясы бүгінде заман көшінен қалмай, жаңа медианы меңгеріп, елдікті сақтау, азаттықты баянды ету жолында абыройлы қызмет атқарып келеді. Елді игі іске жұмылдырып, берекені арттырып, татулықты нығайтуда билік пен халық арасында алтын көпір болып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары бағалаймыз. Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіре отырып, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен шалқар шабыт тілеймін» деді Асан Жақыпбекұлы.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Халық үміті» қоғамдық саяси газетінің құрылтайшысы Айтбай Маханбетов пен «SANUR TV» телеарнасының директоры, аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Саржанова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков журналистиканың маңыздылығына тоқталып, жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұдан соң ақпарат саласында елеулі еңбек етіп жүрген бір топ журналистерге түрлі марапаттар табысталды. Атап айтсақ, Тәуелсіздік алған жылдардан бастап баспасөз ісін дамытуға сүбелі үлес қосқан ардагер журналист, Журналистер одағының мүшесі Жолбарыс Тілеуұлына «ҚР еңбек сіңірген журналисті» төсбелгісін тақты. Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаевтың арнайы алғыс хатымен «Aqparaqnews.kz» ақпараттық порталының редакторы Бауыржан Найманов пен «Жаңа Жетісай» аудандық қоғамдық саяси газетінің жауапты хатшысы Эльмира Өсербекова марапатталды.

Сонымен қатар, абыройлы міндеттің жауапкершілігін сезініп, өз қызметін мүлтіксіз орындап жүрген бірқатар сала мамандары аудан әкімінің м.у.а Асан Маханбетовтың «Алғыс хатымен» марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруында «28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» мерекесіне орай жергілікті БАҚ өкілдері арасындағы үздік журналистік жарияланым байқауының жеңімпаздарына қаржылай сертификаттар табысталды.

Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, жиылған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Әрбір дауыс – жауапкершілік, әрбір таңдау – болашаққа қосылған үлес

        ...

ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛДІ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА САЯСИ МОДЕЛІ: ҚОҒАМ НЕ ҰТАДЫ?

       Қазақстан ...

РУХАНИ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫҢ – ӨЗ БОЛАШАҒЫҢ!

       Ағымдағы ...

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР БОЙЫНША I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

        ...

ӨЗ ТАҢДАУЫНДЫ ЖАСА!

       Әрбір ...

ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ, ӘРБІР ТАҢДАУ ҚҰНДЫ!

        ...

ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

        ...