Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

          Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданына жұмыс сапарының соңында жетісайлық тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудандағы ақсақалдар, қоғамдық ұйымдар, білім және кәсіпкерлік саласының өкілдері қатысты.
           Кездесуде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдары туралы баяндады. «Жаңа Қазақстанды» құрудағы мақсаттар мен міндеттерге тоқталды. Ауыл-аймақтың әлеуетін көтеруде жұмыссыздықпен күрес, кәсіпкерлікті дамыту салаларына басымдық беріліп отырғанын мәлімдеді.
         – Бүгін мемлекеттен грант алып, өз кәсібін жүргізіп отырған жетісайлық тұрғындармен кездестім. Өндірген өнімдерін көрдім. Осы бағытта жұмысты күшейту керек. Шағын кәсіпкерлік арқылы ел дамиды. Екіншіден, Жетісайдың агросалада мүмкіндігі өте жоғары. Жылыжайлар ісі, үй іргесіндегі алқаптарды пайдалану, суды үнемдеу технологиясына басымдық беру мәселелері де маңызды. Ауданның жай-күйімен танысып шықтым. Бірқатар ұсыныстарға қолдау көрсетіледі. Сіздердің де пікірлеріңіз ескеріліп, арнайы хаттамаға енгізіледі, – деді облыс әкімі.
           Жүздесуде жетісайлық тұрғындар ойда жүрген сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Ауданда саябақ пен жаңа медициналық бекет салынатынына, өзге де жобаларға ризашылықтарын білдіріп, қолдайтындарын жеткізді.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

Құрылтай – қоғам үніне құлақ асатын маңызды алаң

        ...

ҚҰРЫЛТАЙДА КӨТЕРІЛГЕН БАСТАМАЛАР ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ: ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ АЛАҢЫ

        ...

Сайлауға қатысып, ел болашағына өз үлесіңді қос!

       Елдің ...

Алматы облысында онкологиялық көмектің жаңа мүмкіндіктері кеңеюде

Түркітілдес журналистер қорының мүшелері ...

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

        ...

Құрылтай сайлауының маңызы

        ...

ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ 217 МЕКТЕП САЛЫНДЫ

       Елімізде ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

        ...

23 тамыз – Қазақстандағы алғашқы Құрылтай депутаттарының сайлауы

        ...