Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Билік » ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

           Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Жетісай ауданына келіп, мақталы өңірдің жағдайымен танысты. Сапар барысында облыс басшысы, былтыр бюджет есебінен мемлекеттік грант алып, өз кәсібін дөңгелеткен азаматтар шығарған өнімдердің көрмесін тамашалады.  Айта кетерлігі кәсіпкерлік мақсатта берілетін осы  қайтарымсыз гранттар «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы арқылы грант алғандар да бар.
        Жалпы алғанда былтыр Жетісай ауданында 587 адам мемлекет тарапынан қайтарымсыз грантқа ие болған. Оның ішінде әйелдердің үлесі – 305 адам. Нәзік жандылардың қолынан шыққан қолдарынан шыққан түрлі қолөнер бұйымдары, тағамдар, көрпе-жастық, моншақтар, көкөністер мен өзге де қажетті дүниелер бүгінде нарықта сұранысқа ие. Өмірзақ Шөкеев мемлекеттің қолдауымен кәсібін ашып, отбасын асырап жүрген жетісайлық кәсіпкер әйелдердің жұмысын жоғары бағалады. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
           – Үлгі етерлік жағдай. Әр азамат кәсіппен айналысып, өз отбасын асыраса, өзіне де, қоғамға да пайдалы болмақ. Мемлекеттік жеңілдіктер арқылы өз ісін бастаған тұрғындарға тек сәттілік тілеймін. Жалпы жұмыс істеймін деген ниеті бар тұрғындарға мемлекет тарапынан ұсынылатын бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы кеңінен мағлұмат берілуі тиіс. Ауыл әкімдері осы мәселені де назарда ұстауы қажет, – деді Өмірзақ Шөкеев.
            Облыс әкімі Жетісай қаласын ұлғайтуға бөлінген 80 га аумағында болып, аймақтың инфрақұрылымын дамытудағы өзекті мәселелерге тоқталды. Облыс әкіміне тұрғын үй кешені мен аумақты аббатандыру, болашақта салынатын ғимараттардың эскизі көрсетілді. Сондай — ақ заман талабына сай салынған №7 «Тұран» мектеп-гимназиясында болды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылы басталып, былтыр Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында пайдалануға берілген.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...