Home » Әдебиет » БИІКТЕРДЕН КӨРІНШІ МЫҚТЫ БОП ТЕК!

БИІКТЕРДЕН КӨРІНШІ МЫҚТЫ БОП ТЕК!

(Сырлас ақын інім Жолдасбеков Мықтыбек Мамытұлына арнадым)
Мықтыбек мықты болшы тосын жайға,
Ер жігіт сыналады осындайда.
Сезімге бай жансың ғой ақын жанды,
Бостық қылсаң бұл тағдыр басынбайма.
Өтіп жатыр талай іс басымыздан,
Арпалыстық тірлікпен  жасымыздан.
Сынағы бұл Алланың бізге берген,
Сабыр берсе, дәм кетпес асымыздан.
Солай інім сендағы Мықтыбексің,
Ой, санаңды Жаратқан мықты етсін.
Мұңдасатын жан табу қиын боп тұр,
Кейде ащынды бұл тірлік құрып кетсін.
Есіміңді қойыпты Мықтыбек деп,
Мықты екенін жігіттің ел білед тек.
Саған саулық тілеймін от басыңа,
Биіктерден көрінші мықты боп тек.

ЖЕТЕРМІЗ БІЗДЕ

Өмірде болсын, өнерде-дағы сорым көп,
Қамықпа аға, болмады менің жолым деп.
Алшысынан туған алаяқтардың заманы,
Біз сияқты момын жандарға орын жоқ.
Жүрейік бірақ, адами нағыз пішінде,
Менменсігеннің алдында дәйім кішірме.
Отты жырыңды көсей бер үзбей маздатып,
Өтінем аға, еңсеңді әсте түсірме.
Ақынның жайын түсінер пенде аз бүгін,
Басылып бәсең қалмасын әсте назды үнің.
Демеу бермесек бір-бірімізге болама,
Сондықтан жырын жазды інің.
Мұңайма аға, қоғамға қатты күйініп,
Уақыт емші келер таңдардың назын ұқ.
Әділетсіздіктен өзегің жанып өртеніп,
Өмірден мынау кеткеніңді білдім түңіліп.
Меніңде жаным мәз емес оны сұрасаң,
Ағажан, сізді қалайша кәйтіп  жұбатам.
Көресіз шындық салтанат құрар, бірақ кеш,
Атады алдан сеніңіз бізге бұла таң.
Айталмай жүрген, жазалмай жүрген сыр бар ә,
Іркілмей төкші аңқылдақ ақын Тұрлы аға.
Қиындықтарды жеңетін қару-қалам ол,
Сүйенішіміз, тірегіміз біздің жыр ғана.
Жан емес едік жеке бас қамын күйіттеген,
Мойынды созып біреуден медет күтпеген.
Маңдай теріміз жемісін берер ол анық,
Жетерміз бізде межеге бір күн жетпеген.
Жетпістен асып барасыз өмір көшімен,
Ризығын алып туған жеріңнің төсінен.
Немерелеріңе қосып той беріп жатыр ұлдарың,
Көп болғай мына  өмірде алар несібең.
Аңқылдақ ашық ақ көңіл жанның бірі едің,
Байламы берік, досқа деп соққан жүрегің.
Қос тойың құтты болсыншы аға, бүгінгі,
Әлемдегі бар жақұтты сізге тіледім.
.

НАУРЫЗ, ҚАЗАҚЫ ЖАҢА ЖЫЛ

Наурыз қазақы, жаңа  жыл,
Көктеді құлпырып жаңа қыр.
Наурызда оянып тіршілік,
Ән туар көңілді жаңа бір.
Наурыз қадам бас төріме,
Өзіңсіз тірліктің мәні не.
Наурыз шуақты көңіл күй,
Айналған махаббат әніне.
Наурыз тіршілік тынысы,
Диханның бастама ырысы.
Наурыз қыр гүлі құлпырған,
Елімнің бұзылмас тынышы.
Наурыз молшылық жыл басы,
Наурыз көңілдің әуезді сырғасы.
Наурыз көжелер ыдысқа құйылған,
Байлықтың , ырыстың тұнбасы.
Наурыз!!!
Тұрды Әлсейіт, ақын-журналист,
Атакент кенті.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...