Home » Әлемде » ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ФИЛЬМ “48 САҒАТТА КИНО ТҮСІРУ-2020” САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ФИЛЬМ “48 САҒАТТА КИНО ТҮСІРУ-2020” САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

2020 жылғы 14 желтоқсанОрталық Азия кинематографистеріне арналған «48 сағатта кино түсіру» бесінші аймақтық байқауы аяқталды. Байқау ұйымдастырушылары виртуалды жабылу салтанатында сайыстың 14 номинациядағы жеңімпаздардын жариялады.
АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігінің демеушілігімен өтетін «48 Hour Film Race» Орталық Азиялық байқауы қысқаметражды фильмдер арқылы сторителлинг дағдыларын арттыруға бағытталған. Биыл байқауға Орталық Азияның бес елінен 967 команда тіркелді, олардың 300-і өз фильмдерін жіберді.
Neofilm командасымен бірге түсірілген «Один дома» фильмі үшін алматылық Әмина Ерғали Үздік режиссер атанды.
«Ағылшын тіліндегі үздік фильм» номинациясында Ақтаулық  режиссер Динара Ержанова мен АбДиСа командасының «Coffee and Brown Bread» фильмі жеңіске жетті.
Бішкектік Donsson Films командасы мен режиссер Данияр Абдикеримовтің «Извини, братан» картинасы «Үздік орындалған тапсырма» номинациясында үздік атанды.
Осы үш номинацияның жеңімпаздары Нью-Йорк кино өнері академиясының (NYFA) онлайн-тағылымдамасына үш стипендия иегері атандыNYFA президенті Майкл Янг өзінің құттықтауында Академияда Орталық Азияның барлық бес елінің өкілдері оқып жатқанын және ол өңірдің бай таланттарына жеке көз жеткізе алғанын атап өтті.
Үздік фильм болып режиссер Мавлон Досмухамедов пен Ташкенттік Bullet Point командасының «Край» фильмі атанды.
Үздік актерлік ойын үшін марапатты Zarya Production командасының «Пятый инцедент» фильмі алды, режиссері – Руслан Черных, Алматы.
Көрермендер көзайымы сыйлығын көрермен онлайн-дауыс беру арқылы БАМ командасы және режиссер Актан Рыскелдиевтің «Последняя капля» фильміне табыстады.
Осы үш фильмді түсіруші командалар байқаудың демеушісі Technodom ұсынған сыйлықтарға ие болды.
АҚШ елшісі Уильям Мозер ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларды құттықтады. «Бес жыл бұрын АҚШ-тың Қазақстандағы өкілдігі «48 сағатта кино түсіру» сайысының негізін қалағанда, кинематографистер желісін қалыптастырып, олар бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, алған кәсіби білімдерін кино байқауларында қолданады деп үміттенген еді. Байқау аясында сіздер бұл мақсатқа да, басқаларына да қол жеткіздіңіздер», – деді Елші Мозер. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Эрик Майер қатысушыларға сәлемін жолдап, 48 Hour Film Race байқауының арқасында пайда болған қауымдастық әрбір қатысушының жүрегінде ерекше орын алсын деп тіледі. «Сіздер, Орталық Азияның жас авторлары, өз буындарыңыздың даусысыздар. Сіздердің энергияларыңыз бен ынта-жігерлеріңіз бәрімізді шабыттандырады«, – деді ол қатысушыларға.
Биылғы жылғы қазылар алқасының мүшелері: актер, каскадер, режиссер және продюсер Ерден Телемисов, актриса Дина Тасболатова, Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко, «Қазақфильм» АҚ вице-президенті Айдархан Әділбаев, режиссер, продюсер, 48HFR2019 жеңімпазы, Сүйім Сулайманова (Қырғызстан), киносыншы, сценарист, продюсер Эльмира Хасанова (Өзбекстан), Ашхабадтағы АҚШ елшілігінің өкілі Стефан Хоровитц (АҚШ/Түрікменстан). Кинокомпозитор Алим Заиров пен DJ және музыкалық продюсер Нұрберген Махамбетов “Үздік музыка» номинациясындағы фильмдерге баға берді.
2020 жылғы “48 сағатта кино түсіру» байқауы жеңімпаздарының толық тізімі:
  • Үздік режиссер: Neofilm командасының «Один дома» фильмі. Режиссері – Әмина Ерғали, Алматы, Қазақстан.
  • Ағылшын тіліндегі үздік фильм (NYFA таңдауы): АбДиСа командасының «Coffee and Brown Bread» фильмі. Режиссері-Динара Ержанова, Ақтау, Қазақстан.
  • Үздік орындалған тапсырма: Donsson Films командасының «Извини, братан» фильмі. Режиссері – Данияр Әбдікерімов, Бішкек, Қырғызстан.
  • Үздік фильм: Bullet Point командасының «Край» фильмі. Режиссері-Мавлон Досмұхамедов, Ташкент, Өзбекстан.
  • Үздік актерлік ойын: Zarya Production командасының «бесінші оқиғасы». Режиссері-Руслан Черных, Алматы, Қазақстан.
  • Көрермендер көзайымы сыйлығы: БАМ командасының «Последняя капля» фильмі. Режиссері – Ақтан Рыскелдиев, Бішкек, Қырғызстан.
  • Үздік техникалық орындау: Shynali Films командасының “Көз алдында» фильмі. Режиссері-Арман Сапиолда, Алматы, Қазақстан.
  • Үздік түпнұсқа идея: Kubrick’s children командасының «Завещение» фильмі. Режиссері – Сергей Литвченко, Алматы, Қазақстан.
  • Фильмнің үздік музыкасы: MAŃMAŃGER командасының “Қора” туындысы. Режиссерлері – Рамазан Халиолла, Жанат Жайлыбай, Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
  • Жас дарын: SSPRO командасының «Онлайн сабақ» фильмі. Режиссері – Сапар Сайназаров, Бішкек, Қырғызстан.
  • Ұйымдастырушылардың таңдауы: Bars командасының «Выход» туындысы. Режиссері – Арсель Ұзақ, Алматы, Қазақстан.
  • Қазылар алқасының арнайы жүлдесі: Poxer TV командасының «Хата» фильмі. Режиссері – Руслан Аманшиков, Ташкент, Өзбекстан.
  • «Чаплин» кинотеатрлар желісінің жүлдесі: Regular Customers командасының «Надень маску» туындысы. Режиссері – Асқар Оспанов, Алматы, Қазақстан.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЙМАҚТАРҒА 1,3 МИЛЛИАРД ТЕНГЕ БӨЛДІ

        ...

Туризмді одан әрі дамыту туралы сөз қозғалды

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

        ...

КНИГУ БРИТАНСКОГО БИЗНЕСМЕНА ОБ ОТНОШЕНИИ РУССКИХ И КОЧЕВНИКОВ В НАЧАЛЕ XXВЕКА ПЕРЕВЕЛИ ДЛЯ КАЗАХСТАНЦЕВ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

        ...

КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН

     Мақтаарал ауданының ...

«23 сәуір ұлттық егемендік және балаларды қорғау күні» аталып өтті

        ...

22 СӘУІР – АЛТЫН АДАМ КҮН!

Алтын адам алтын тұлға ...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІЛЕРІН КӨРСЕТІП КЕЛЕДІ

        ...

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

        ...