Warning: Trying to access array offset on false in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150 «Ата Заң – алтын тұғырым» онлайн жыр конкурсы өтті - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «Ата Заң – алтын тұғырым» онлайн жыр конкурсы өтті

«Ата Заң – алтын тұғырым» онлайн жыр конкурсы өтті

        Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің ең қастерлі құжаты, халықтың еркін білдіретін, мемлекетіміздің дамуының берік іргетасы. Биыл «Ата Заңымыздың» қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осы айтулы мерекеге орай «Ауыл» партиясының Абай облысы бойынша өңірлік филиалы оқушылар мен студенттер арасында «Ата Заң – алтын тұғырым» атты онлайн жыр конкурсын ұйымдастырды.
          Конкурсқа, мектеп оқушылары мен колледж, жоғары оқу орны студенттері қатысты. Олар, бейнеролик арқылы өздерінің жүрекжарды жырларын жолдап, «Ата Заңға» деген құрметін поэзия тілімен өрнектеді.
         Әрбір қатысушының туындысында елдіктің еңсесі, тәуелсіздіктің қадірі, бірліктің берекесі, бейбітшіліктің құндылығы жырларын бақты. Жастардың шабытты шығармаларынан мемлекетке деген мақтаныш пен болашаққа деген сенім айқын сезіліп тұрды.
         Әділқазылар алқасы әр қатысушының шығармасын тақырыпқа сайлылығы, идеялық-көркемдік деңгейі және орындау мәнері тұрғысынан саралап, өзара үздіктерді анықтады.
       Бас жүлде – елдік рухты айшықтаған ерекше шығармаға ұсынылды;
       І, ІІ, ІІІ орындар – ойлы жырларымен көзге түскен жас қаламгерлерге бұйырды;
       Қалған қатысушыларға «Алғыс хаттар» табысталды.
        Барлық жүлдегерлер арнайы Дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
         «Ата Заң – алтын тұғырым» онлайн жыр бәйгесі – жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдап қана қоймай, олардың бойына патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті сіңірген тағылымды шара болды.
         «Ата Заңды» қастерлеу – Тәуелсіздікті құрметтеу, әділеттілік пен бірлікті бағалау деген қасиетті де тұмарлы ұғымға саяды.
Осындай жасөркен ұрпақтың жырлары, еліміздің аса бек қымбат құндылықтарын айшықтап, асқақ рухты тағы бір мәрте оятқандай ерек күйге бөледі.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиал баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1  

АБЫЛАЙ ФЕНОМЕНІ

«Алыстан орыс, қытай – ...

САЙЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫН ЖАРИЯЛАУ АҚЫСЫ

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: БАСТЫ ТАЛАПТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2026 жылғы 23 тамызда ...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

        ...