Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6131
«ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ» ЕСТЕЛІКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » «ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ» ЕСТЕЛІКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

«ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ» ЕСТЕЛІКТІ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

        Жақында біздің Ш.Құдайбердиев атындағы №32 жалпы білім беретін мектебімізде 14 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, «Ерлікке тағзым» тақырыбында естелікті кездесу болып өтті.
         Осы патриоттық іс-шараның мақсаты: Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін еске түсіру, жастарымызға патриоттық тәрбие беру және тарихи оқиғалар туралы шынайы ақпарат тарату болды.
        Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері төрағасы және ауған соғысы ардагерлері – Абдусаттар Султанов, Ақназар Биманов, Даулет Кабулов пен  басқа да  ағаларымыз қатысты. Оқ пен оттың ортасынан оралған ардагерлер оқушылармен сұхбаттасып, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл кездесуде олар өздерінің соғыс кезіндегі естеліктерін айта отырып, жастарға елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті, бойларында отаншылдық  сезімді сіңіруге тырысты, 10 жылдай уақытқа созылған сол соғыс туралы құнды ақпараттар айтты.
       Естелікті кездесу барысында, жоғары сынып оқушылары тарапынан сахналық көріністер қойылса, өнерлі оқушыларымыз патриоттық әндер шырқап, жүректен шыққан өлең жолдарын арнап, шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.
        Бұл кездесу – жас ұрпаққа тарихи шындықты жеткізіп, олардың бойларында Отансүйгіштік рухты арттыруға арналған маңызды іс-шаралардың бірі болды.
         Айта кетсек, 1979-1989 жылдар аралығында КСРО-ның 620 мың азаматы Ауғанстан аумағында  әскери қызметін өтесе, әскер құрамында 21 мың адам жұмысшы және қызметші кәсібінде болды. Жалпы алғанда Ауғанстанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында барлығы 200 153 адам (2265-і қазақстандық ерлігі үшін) мемлекеттік марапаттауларға ие болса, оңың 10 955-і сол соғыста шейіт кетті. Қазақстаннан Ауған соғысына 22 000 адам қатысса, ресми дерек бойынша олардың 761-і қаза тауып, 21-і адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақстанда  он мыңға жуық Ауған соғысына қатысқан ардагерлер бар. Олардың үш мыңдайы мүгедектер қатарында.
Айтджанова Шолпан Курманказықызы,
Ш.Құдайбердиев атындағы № 32 ЖББМ КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

        ...

«ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ» — ҰЛТТЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

        ...

«ЕҢБЕК АДАМЫ» КЕЙІПКЕРІ: АҒА МЕЙІРБИКЕНІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ – ЖАСТАРҒА ӨНЕГЕ!

        ...

АЯГӨЗ АУДАНЫНДА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МЕДАЛЬДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

        ...

АУЫЛДЫҚ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНДА «КІТАПҚА — ЕКІНШІ ӨМІР СЫЙЛА» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ТАРИХ ТАРТУЫ — ТӘУЕЛСІЗДІК» КВИЗ САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БЕЛДІ МҮШЕСІ ВИЦЕ-МИНИСТРДЕН МАРАПАТ АЛДЫ

        ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

        ...

«ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК» ИДЕОЛОГЕМАСЫ НЕГІЗІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

        ...

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ (АОБӨФ) ТӨРАҒАСЫ — «ОЙШІЛІК» АУЛЫНДА БОЛДЫ

        ...