Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
ӘКЕ – АСҚАР ТАУ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӘКЕ – АСҚАР ТАУ

ӘКЕ – АСҚАР ТАУ

        «Ана – сая болар бағың болса,  Әке асқар тауың» дейді халқымыз.  Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке шаңырақтың  тірегі.  Әке- отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнері мен білімі- баланың көз алдында үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін  нысанасы.
         Осыған орай, біздің  №41 Қ.Дәрімбаев атындағы жалпы орта мектебінде «Әке – асқар тау» тақырыбында  «Әкелер мектебі»  отырысының іс- шарасы ұйымдастырылды.  Бұл іс-шараға  Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбет, ардагерлер кеңесінің мүшелері –София Ибрагимова, Батыр Медетбеков, Базархан Омарбеков,  Тастемір Егембердиевтер қонақ ретінде қатысты. Сонымен қатар, мектебіміздің   «Әкелер мектебінің» төрағасы Б.Қарабалаев пен осы қоғамдық ұйымның мүшесі  Б.Байтов және оқушылардың әкелері көрермендер ретінде қатысты.

        Іс-шараны мектеп директоры А.Агайдарова  ашыр беріп, жиынға қатысушы ата-аналарды оқушылардың 1 жарты жылдықтағы білім сапасы туралы, пәндік олимпиададан, спорттық жарыстардан және конкурстан алған жетістіктерімен  таныстырды.  Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың,  әлімжеттіліктің,  буллинг,  кибербуллингтің,  ертежүктіліктің, құмар ойынға тәуелділіктің алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

        Тәлімгер Ұ.Құдайбергенованың ұйымдастыруында оқушылар  М.Шахановтың «Әке үкімі»  поэмасынан  көрініс көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар әке туралы жырлар оқып, мақал-мәтел, нақыл сөздерді айтты. Б.Байтов  «Әке» әнін,  іс-шараны жүргізуші әрі әнші Б.Әбдуев  «Менің әкем –ең жақсы адам» әнін аса толғаныспен шырқады.

        Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Махамбет Айтпай келген  ата-аналарға  бала тәрбиесіндегі  әкенің орнын жете түсіндірді. Өсіп келе жатқан жасөспірімдердің өміріне алаңдаушылық білдіріп, оларды ұлтжанды, отаншыл етіп тәрбиелеу керектігін және олардың білімге, тәрбиеге аса назар аударуы үшін мектеп пен ата ананың үнемі байланыста болу қажеттілігін түсіндірді.

        Іс-шара соңында мектеп директоры А.Агайдарова мен «Әкелер мектебінің» төрағасы Б.Қарабалаев белсенді және ұлдары үздікке оқитын  әкелерді марапаттады. Іс-шараға қатысқан ата-аналар мағыналы кеш болды-деп өз ризашылықтарын білдірді.
Гулнара ДАУЛЕТБАЕВА,
Қ.Дәрімбаев атындағы №41 ЖББМ  КММ директорының
 тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ КВИЗ-САЙЫСЫ

        ...

«ҰЛЫ ДАЛА» балабақшасында «Ауыл» партиясының «Бастауыш партия ұйымы» ашылды

       Семей ...

ШЕКАРАДАН БАСТАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК: ҚЫТАЙ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САПАРЫ НЕНІ КӨРСЕТТІ?

        ...

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: ТҮРКІСТАН ӨНДІРІСІ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАДЫ

        ...

«АГРОХАКАТОН – 2025» ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖОБАСЫНДА СЕМЕЙЛІК – “CAMPUS TEAM” КОМАНДАСЫ ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

СЕМЕЙДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛ АКТИВІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

        ...

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ИННОВАЦИЯЛАР. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. БОЛАШАҚ» ХАКАТОНЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

        ...

СЕМЕЙДЕ АЛҒАШ РЕТ ТІКЕЛЕЙ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ САЙЛАУЫ ӨТТІ

        ...

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

        ...