Home » PRESS RELEASE » News » САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

САЯХАТТЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ДЕ ЗОР БОЛДЫ

         «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қарасты  «KAP Logistics» ЖШС мекемесі  мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларға Түркістан қаласына  экскурсия ұйымдастырды.
          Саяхатқа ата-аналарымен бірге бар 10 бала барды. Сапар бағдарламасына Х.А. Яссауи кесенесінің сәулет кешеніне бару, мәдени және білім беру кеңістігін ұсынатын «Ұлы Дала Елі» көрме орталығымен танысу, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен дәстүрлердің шынайы атмосферасына енуге мүмкіндік беретін этноауыл бойынша экскурсия кірді.
         Іс-шара Таукент кентінің мүмкіндігі шектеулі ерекше балаларына қолдау және тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ Компанияның корпоративтік құндылықтарын нығайту шеңберінде ұйымдастырылды.
         Саяхат ең алдымен Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесінен басталды. Балалар еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласын, XV ғасырда Қ.А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесін аралап, ғажайып «Тайқазанды», Ахмет Яссауи мүрдесіне қойылған құлыптасты, жерленген бөлмені, Абылай хан ескерткішін көріп, тарихымен танысты. Одан соң жер асты мешітіне барып, өз көздерімен көрді. Шығыс моншасы мен Жұма мешітінде болды, Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесін тамашалап, ерекше әсер алды. Ежелгі қазақ хандығының астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді балаларға дәріптеу, оларды ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.
         Саяхат ары қарай, түскі ыстық тағаммен берумен жалғасып, балаларға тәтті бәліштер ұсынылды. Келесі мәдени ғимараттардың бірі де, бірегейі «Ұлы Дала Елі» орталығы. Түркістанның әкімшілік-аумақтық жаңаруы, елдің мұрасын түркі бірлігінің заманауи тұжырымдамасын қалыптастыру тұрғысынан таныстыруға арналған «Ұлы Дала Елі» орталығы – болашақ көрнекті орындар арасында жаңа объектілердің белсенді салынуына серпін берді. Орталық – кинетикалық, интерактивтік, анимациялық және аудиовизуалды технологиялардың арқасында «Ұлы Дала Елі» орталығы Қазақстандағы жоғары технологиялық нысандардың біріне жатады. Бұл орталық балалар үшін ерекше сезім қалдырды. Көне жәдігерлер ғылыми негізделген материалдар, шынайы археологиялық олжалар негізінде түпнұсқалықты қолдана отырып қайта жасалған, технологияны топтастыру экспозиция тақырыптық белгілері бойынша әртүрлі жәдігерлерді ұйымдастыруды көздейтін кешенді тақырыптық негізінде жүзеге асырылған. Орталық жалпы саны 9 экспозициялық аймақтан тұрады. Балалар үшін ең қызықты аймақтардың бірі болып, кіру аймағындағы орталық экспозициясы – «Әлем ағашы» немесе «Өмір ағашы – Бәйтерек». Бұл түркі халықтарының өнері мен мифологиясында жиі кездесетін мотив.
          «Болашақ» залыкелушілерге тұрақты даму, ұтқырлық, деректерді сақтау, виртуалды шындық тақырыптарын көрсететін экспозициялар ұсынады және Қазақстанның болашағы туралы негізгі көзқарас лед экран арқылы бейне контентте ұсынылады. Экскурсия барысында балалар үшін соңғы нысан «Этно-Ауыл» кешені есте қаларлықтай болды. 18 ғасырдан көрініс беретін «Этно-Ауыл» кешені Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанында орналасқан. Интерактивті режимде ежелгі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді қалпына келтіруді көздейтін этномәдени орталыққа келген балалар, сауда  базарын, ежелгі құдық, қолөнер шеберханалары сынды көне кезеңнің көріністерін тамашалады. Бағзы заманның әдісімен ағаш өңдеу, тоқыма  тоқу және киіз басу, қыш, зергерлік шеберхана, тас қалаудың қалай жасалатынын балалар көру мүмкіндігіне ие болды.
          Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы балаларға тарихи-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден балалардың ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы іс-шара болды. Саяхат  тарихи нысандарды аралау және олармен танысумен жалғасты. Бұл экскурсияның балалар үшін, танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық мәні де зор болды. Бұл тарих саласы мен ой-танымдық мәдениетіне және шынайы тәжірибе алмасуға бағытталған бұл саяхат көпке үлгі болары сөзсіз.
          «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес тәуелді ұйымы «KAP Logistics» ЖШС Бас директорының және «KAP Logistics» ЖШС «ОАТБ» филиалының директорының тікелей демеушілік қолдауымен жүзеге асырылды. Жақсылық жасауды және әлемді барлығына жақсырақ етуді бірге жалғастырайық!

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ШЕТЕЛДЕГІ ЗАҢСЫЗ ДІНИ БІЛІМ АЛУ

        ...

ТАРТЫНА ТҰРСАҚ, ТУЫСҚАН!

        ...

Эвакуацияланғандар жатақханаларға көшірілді

        ...

КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

        ...

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАН КЕЛГЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ ҚАЗАҚСТАН ОҚУТУ ЖҮРГІЗУДЕ

        ...

ИНСУЛЬТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Бас ...

БІЗДІҢ ҰЛАНЫМЫЗ АЙТУЛЫ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ!

        ...

МЕЙІРГЕР – МЕДИЦИНАНЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

        ...

ТЫНЫС ЖӘНЕ ЖҮРЕК ЖҰМЫСЫНЫНҢ ТОҚТАУЫНДАҒЫ КӨМЕК

        ...

ҚЫЗЫЛША АУРУЫ

       Қызылша ...