Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the jetpack-social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
Шығыс және батыс мәдениеті үйлесім тапқан шаһар - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Шығыс және батыс мәдениеті үйлесім тапқан шаһар

Шығыс және батыс мәдениеті үйлесім тапқан шаһар

             Жұмыс барысында Стамбұл қаласына жол түсті. Жүз естігенше, бір көрген артық деген. Бұл саяхаттың негізгі мақсаты – әсем шаһардың көрікті жерлерін аралап, тарихына қанығу. Алғашқы барған нысан – Сұлтанахмет немесе Көкмешіт.
            Бүгінде Түркияның символына айналған, әлемнің сәулет өнеріндегі ұлы туындылардың бірі – бұл мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген.
           Көк мешіт 1616 жылы Византия королі өмір сүрген қамалдың орнына салынған, құрылысы жеті жыл бойы жүргізілген екен. Әшекейлеген тасының түсіне байланысты халық арасында «көк мешіт» аталып кеткен. Алып нысанның 260 терезесі бар. Осы терезелерден түскен күн сәулесімен мешіттің іші самаладай жарқырап тұрадыАлты мұнарасы алыстан менмұндалайды, ерекше элементтерінің бірі – михраб, мінәжат ететін бұл орын мәрмәрдан соғылған екен. Михрабқа Меккеден әкелінген қара тас қойылған. Жалпы мұнда бір уақытта 35 мың адам дұға ете алады. 17 ғасырда пайдалануға берілген мешіт қанша жыл өтсе де сынын бермей, сол күйінде сақталған.
             Туристер ең көп баратын екінші тарихи ескерткіш – Айя София мешіті. Азия мен Еуропаның тоғысқан жерінде орналасқан бұл нысан тарихқа бай. Рим императоры Константин І іргесін қалаған ғибадатхана бірнеше рет өртелген. Кейін Юстиниан І христиандардың соборын қайта салғызады. 1453 жылы Осман империясы Константинопольды жаулап алған соң София соборы мешітке айналған. Ғимаратқа 4 мұнара салынып, 1931 жылға дейін 500 жыл мешіт ретінде жұмыс істеді. Кейін 4 жыл жабылып, 1935 жылы Мұстафа Кемал Ататүріктің шешімімен музейге айналады. 1985 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енді.Тек 2020 жылы ғана оған мешіт мәртебесі қайтарылған екен.
            Түркия – теңізге бай мемлекет, солтүстігінде – Қара теңіз бен Мәрмәр теңізі, батысында – Эгей теңізі, ал оңтүстігінде Жерорта теңізі жатыр. Мәрмәр теңізінің атауы ақ мәрмәр өндірілген аралға байланысты пайда болған. Бір ерекшелігі – суы қатпайды. Бұл теңіз арқылы Қара теңізден Жерорта теңізіне өте маңызды су жолдары өтеді, ал жағалауында Стамбұл және Ізмір қалалары және көптеген курорттар орын тепкен.
Ерлан ТОҚШЫЛЫҚ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

«АБАЙ ТОЙЫ» ЖОҒАРЫ БАҒАЛАНДЫ

        ...

ОРАЛДА «AUYL FEST. ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – 2025» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

        ...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЕЛ ҮШІН МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

        ...

СЕМЕЙДЕГІ «САҢЫРАУЛАР ҚОҒАМЫНДАҒЫ» «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ» МҮШЕЛЕРІ ЖИДЕБАЙҒА САПАРЛАП БАРДЫ

       2025 ...

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ»: СЕМЕЙДЕ МҮГЕДЕК ШЕБЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

        ...

ТЕГЕУРІН ТӨЗІМ ИЕСІ ОЛ – «ТЕМІРЖОЛШЫ»

        ...

Абайдың 180 жылдығында – текті әулеттен шыққан Жетісайдың қызы «Жеті қазынаға» енді

        ...

ЖЫР ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМБАҚ ЖОЛ

        ...

ДАНА АБАЙДЫҢ 180 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ – КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

        ...

ТАРИХИ ТҮЙЕМОЙНАҚТАҒЫ «ЭТНО-АУЫЛҒА» САПАР

        ...