Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
9 сәуір – Қазақтың ұлттық тағамдары күні - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » 9 сәуір – Қазақтың ұлттық тағамдары күні

9 сәуір – Қазақтың ұлттық тағамдары күні

           Халқымыз қашаннан да әр үйдің берекесі саналатын асты қатты қадірлеген. «Алтын, күміс тас екен, арпа бидай ас екен» дейтін халқымыздың «ақты жерге, суға төкпе» дейтін тыйымдары да баршылық. Жалпы алғанда қазақтың төл дастарханының сәні қымыз бен құрт-ірімшік, шелпек пен бауырсағымыз, асылған жылқы еті қашаннан да мәдениетіміздің бір көрінісі, ұлттық құндылығымыз екені даусыз.
         2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жобасы қолға алынған болатын. Қазақ күнтізбесіндегі 9 сәуір – Қазақтың ұлттық тағамдары күні болып белгіленді.
         Осыған орай «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының «Qazaq club»-тың ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының Орталық саябағында осы атаулы күнге орай арнайы мерекелік акция ұйымдастырылды. Биыл осымен үшінші рет қолға алынған шараның мақсаты өскелең ұрпаққа ұлтық құндылықтарды насихаттау болып табылады. Акция шеңберінде мерекелік концерт өткізіліп, онда Әбілдиндер отбасының мүшелері Ермекұлы Ерсұлтан және Елназар халық күйлерін орындаса, астанадан келген жас өрендер Бейсенқызы Інжу және Ұлданай сахна төрінде жұтшылыққа өз әндерін тарту етті.

        Сонымен қатар жиналған елге қазақтың ұлттық ас мәзірлері бауырсақ пен шелпек таратылды. Ал шара соңында ұйымдастырушылар мерекелік шара барысында өнер көрсеткен жас өрендер мен шараның ұйымдастырылуына белсенді атсалысқан бір топ азаматтарға естелік сыйлықтарды табыстады.
«Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1