Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ӨНЕРДІ СҮЙГЕН ІЗГІ ЖАН - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ӨНЕРДІ СҮЙГЕН ІЗГІ ЖАН

ӨНЕРДІ СҮЙГЕН ІЗГІ ЖАН

         (Мәдениет саласына адал қызмет етіп келе жатқан Мұрат Әбеуов турасында)

          Абай облысы, Семей қаласының тұрғыны Мұрат Санақұлы Әбеуов – Мәдениет саласына өмірін арнаған, өз ісінің нағыз майталманы. Бүгінде ол Семей қаласындағы «Мәдениет сарайында» Дыбыс операторы қызметін 20 жылдан астам уақыт бойы атқарып келеді. Осы жылдар ішінде талай үлкен сахналық шаралардың жоғары деңгейде өтуіне еңбек сіңірген Мұрат Санақұлының өзіндік қолтаңбасы бар.
        Мұрат Санақұлы – қазақ мәдениетіне еңбегі сіңген біртуар тұлға, елге белгілі өнер иесі Санақ Әбеуовтің ұлы. Санақ Әбеуов өз заманында ел мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан, халық өнерін дәріптеген, дәстүр мен руханияттың шырағын жаққан абзал азамат болған. Әкенің жолын жалғап, өнер мен мәдениет әлемінде өз орнын тапқан Мұрат та осы өнер әлемінің жарқыраған темірқазық — жұлдызы. Ол техника мен өнердің тоғысқан тұсында еңбек етіп, сахнадағы дыбыс қызметін атқарып жүрген тәжірибелі маман.
           Көпшілік көрермен үшін сахнадағы әуезді әуен, көркем көрініс пен айқын дыбыс — бір сәттік әсер ғана… Ал, сол әсердің қалқанында тынымсыз еңбек пен кәсіби шеберлік жатыр. Мұрат Әбеуов осы еңбектің көрінбейтін, бірақ, аса маңызды тұстарын үйлестіріп отырған білікті азамат. Ол әрбір концерттің, мерекелік шараның, театр қойылымының сапалы өтуі үшін техникалық тұрғыдан үлкен жауапкершілік арқалайды. Дыбыстың тазалығы мен үйлесімділігі — көрермен көңілінің алтын кілті екенін жақсы түсінеді.
          Мұрат Санақұлы өз ісін жай ғана жұмыс деп есептеген емес, өмірлік миссиясы деп біледі. Оның айтуынша, табыстың басты сыры – сүйіспеншілік пен адалдық. «Қай сала қызметкері болсаңыз да, өз мамандығыңызды сүйіспеншілікпен және жігермен атқару керек. Сонда ғана еңбегіңіздің шынайы нәтижесін көресіз», – дейді ол. Осы қарапайым, бірақ мәні терең ұстаным оның бүкіл еңбек жолына бағыт беріп келеді.
         Өнерпаз Мұрат Әбеуов сынды азаматтар – ұлттық мәдениеттің іргетасын ұстап тұрған мақтаныш тұлғалар. Олар көзге түспей қалқада еңбектенсе де, ел руханиятының дамуына өлшеусіз өзіндік үлесін тигізуде. Оның әрбір жасаған ісі, әрбір мәдени шарадағы еңбегі – қазақ өнерінің сапасын арттыруға бағытталған елеулі қызмет.
         «Еңбек адамы» тұрғысында даңқ үшін емес, ел игілігі үшін өз еңбегін сарп етіп жүрген еңбекқор жан. Ол – әке дәстүрін жалғастырып, ұлт мәдениетінің өрісін кеңейткен, өз мамандығына адалдықтың айнасына айналған бірегей дүр — тұлға. Оның өмір жолы, өнері жас ұрпаққа өнеге, еңбекқорлық пен кәсіби шеберліктің үлгісі болып қала бермек.
«Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1