Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Туған тіліміздің абыройын асқақтатуға бағытталған айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Туған тіліміздің абыройын асқақтатуға бағытталған айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!

Туған тіліміздің абыройын асқақтатуға бағытталған айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!

          Қадірлі бауырлар!
         «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 15 қазан – Мемлекеттік тіл күні болып белгіленген. Бұл күн қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орайластырылды. Барлықтарыңызды осынау мән-маңызы терең, туған тіліміздің абыройын асқақтатуға бағытталған айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!
         Бұл күн бізді қазақтың Алаш зиялыларының еңбегімен қауыштырып, олардың жолын жалғастырған азаматтарымыздың ұлтқа қызметін паш етеді және осы арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруді көздейді.
Саналы ғұмырын қазақтың іргеленуіне арнаған С.Сейфуллин өз дәуірінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуына үлкен еңбек сіңірген тарихи тұлға.
         Ол Халық комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметінде жүріп «Кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу керек» — деп арнайы мәселе көтеріп, осының нәтижесінде 1923 жылғы қарашада жарық көрген Декретпен Қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесі берілді. Осы қызметте жүріп ол А.Байтұрсынұлының 50-жылдығын атап өтуді, қазақ киносын қаржыландыру ісін, Қожа Ахмет Йасауи кесенесін реставрациялауға қаржы бөлу, А.Затаевичке қазақ ән-күйлерін жинату ісін қолға алды. Ал «Қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» мақаласында «…мемлекет атын «Қазақ Республикасы» деп өзгертіп, мемлекеттік тіл қазақ тілі болу керек» — деп бұл мәселеге нүкте қойды.
         Араға аз уақыт салып барып 1925 жылы Қырғыз АССР-і атауы Қазақ АССР-і болып өзгертілді. Ұлыларымыз атқарған осы еңбектер біздің ұрпаққа да жауапкершілік артады. Ендеше әруақытта да ұлт мүддесін естен шығармайық. Мемлекеттік тіліміз жасай берсін!
Құрметпен,
Мұхтар ШАХАНОВ,
Қазақстанның Еңбек ері.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.
x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1