BusinessNewsPRESS RELEASEӘлемдеҚылмыс пен жазаСаясат

ПРИГОЖИН БҮЛІГІНІҢ АҚЫРЫ

Қаралым: 16
         Әлем жұртшылығы мен БАҚ-ты дүр сілкінткен – жеке әскери  компания «Вагнердің» басшысы Евгений Пригожин басқарған жалдамалы әскерилердің Мәскеуге бет алған «Әділеттік шеруі» аяқ астынан сап тыйылды.
         Тыйған – Беларус басшысы Лукащенко. Қазір Пригожин мен Лукошенко арасында не айтылып не қойғанын БАҚ мен саясаттаушылар сан саққа жүгіртуде. Дегенмен, төмендегі екі пікірдің жаны бар. Бірі – бұл алдын ала келісілген саяси шоу десе, екіншісі – көлеңкедегі қуыршақты ойнатушылардың Пригожин қолымен от көсеп, елдегі билік Путинде емес, біздің қолымызда деп Бас Қолбасшыға сес көрсетуі дегенге саясады.
          Соңғы пікір ақылға сиятын сияқты. Қанша дегенмен де, көршімізде болған оқиғаның артын баққан жөн секілді.
Әбіл-Серік ӘЛІӘКБАР,
әдебиеттанушы журналист, Семей қаласы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *