Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА САУДАЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА САУДАЛАНДЫ

ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА САУДАЛАНДЫ

        Жетісай қаласының орталық алаңында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 16 тоннаға жуық – қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, жүзім, алма, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз, сүт және балық секілді өнім түрлерін базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұтынушыларға сатылды.
          Аудан тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында  ұйымдастырылған бұл жәрмеңке – аудан әкімі Серік Мамытовтың берген арнайы тапсырмасына сәйкес өткенін атап өтуіміз керек
        Бір айта кетерлігі  дәл осыдан бір апта бұрын, яғни 28 қазан күні де Жетісай қаласының орталық алаңында ауданның барлық округтерінен 30-ға жуық тауар өндіруші ұсынған 20 тоннаға тарта ауыл шаруашылығы өнімдері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұрғындарға сатылған болатын.
        Сонымен қатар, аудан әкімдігінің қолдауымен осындай жәрмеңкелерде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға бірнеше рет көмек ретінде азық-түліктер мен киім-кешектер үлестірілген болатын.
         Аудан әкімі  Серік Үсенұлы тиісті сала басшыларына алдағы уақыттарда да осындай жеңілдетілген бағада тұрғындарға арналған жәрмеңкелерді тұрақты түрде өткізіп тұруды тапсырды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1