Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Көше жаттығуына 500-ге жуық адам қатысты - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Көше жаттығуына 500-ге жуық адам қатысты

Көше жаттығуына 500-ге жуық адам қатысты

           Жетісу облысында көше жаттығуына жарты мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
          Бұқаралық спортты дамыту бойынша Жетісу облысында жаңа бастама қолға алынды. Өткен жылы облыстық бұқаралық – спорттық іс-шараларды өткізу орталығы құрылған еді. Бүгінде барлық аудан орталықтарында да аталмыш мекеменің филиалдары жұмыс істеп жатыр. Облыстағы барлық елді-мекендерде арнайы штаттық кестеге орай, жоғары білімді әдіскерлер жұмыс істейді. Олар жергілікті тұрғындарды бұқаралық спортқа баулумен айналысады. Облыс орталығы Талдықорған қаласында да әр сенбі сайын «Жастар» және «Жеңіс» саябақтарында спорттық шаралар өткізіліп тұрмақ.
       «Сенбі таңында осындай шара ұйымдастыруға мұрындық болған әкімдік ұжымына, спорт мамандарына алғысым шексіз» –  дейді еңбек ардагері, халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Әміре Әрін.
       Сенбі таңының алғашқы спорттық шарасына 500-ге жуық қала тұрғыны қатысты. Олар әдіскерлер көмегімен түрлі дене қыздыру жаттығуларын жасады. Содан кейін жас мөлшерлеріне қарай спорттық жарыстарға қатысады. Облыстық бұқаралық – спорттық іс- шараларды өткізу орталығының басшысынан бастап, барлық мамандары осы спортттық шараның басы-қасында жүр.
        «Сенбі- жексенбі күндері қалалықтар демалады. Әсіресе, біз сияқты зейнеткерлерге пайдасы ұшан-теңіз шара екен» –  деді зейнеткер Райхан Қапышқызы.
         Әртүрлі спорттық сайыстарда күш сынасып, жеңімпаз атанғандар арнайы сыйлықтарға ие болды.  Аталмыш шараның басты мақсаты – халық арасында бұқаралық спортты қарқынды дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтырушылар санын арттыру.
        Әр сенбі сайын дәстүрге айналмақ спорттық шараға тек қала тұрғындары ғана емес, сондай-ақ қала қонақтары да қатыса алады. Жас мөлшерлеріне де еш шектеу жоқ.
Алуа ОСПАНЖАН.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1