NewsPRESS RELEASEБілім саласыЖаңалықтар

КЕҢЕСБЕК ӘДІЛҰЛЫ АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Қаралым: 109
          Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты  №37 жалпы білім беретін мектепте, Ауған соғысының ардагері  Бегімбетов Кеңесбек  Әділұлы атындағы кабинет ашылды.
          Бегімбетов Кеңесбек Әділұлы 1960 жылы қазіргі Ынтымақ ауыл әкімшілігі «Ақниет» ауылында туып өскен. «Еңбек» мектебінде білім алып, Алматыдағы әскери училишеге түсіп Кеңес әскерінің құрамында Ауған соғысына қатысып, аты аңызға айналған даңқты «Қара майор» әскерінің құрамында талай шайқастарда ерлік көрсетті. Бейбіт өмірде жауапты әскери қызметтер атқарып ел абыройына бөленген. Жезқазған облысының әскери комисариатының бастығы қызметін атқарып жүргенде кенеттен қайтыс болды. Өзінің қысқа өмірінде ел абыройына бөленіп, өзінің еліне деген  отансүйгіштік сезімін айқын көрсете білді.
         Балдардың білім алуына мүмкіндік жасау, оқушылардың отан сүйгіштік сезімін ояту, кішіге үлкенді үлгі ету мақсатында ағасы Бегімбетов Жеңісбек пен қарындасы Бегімбетова Нұрзаданың демеушілігі мен  «Алғашқы әскери дайындық» кабинеті толық жаңартылды.  Барлық парталар мен орындықтар жаңадан сатып алынып еденнің паркеті жаңартылды. Сабақты тиімді өту үшін видео проектормен жабдықталды.
Жетісай ауданы. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *