Әлем ғалымдары бір ауыздан атом энергетикасы парниктік газды ең аз бөлетін энергия көзі деген ортақ шешімге келіп отыр. Бұған себеп, мысалға атом – 12 грамм бөлсе, өзге энергия көздері, мысалы көмір – 820 грамм/кВт/сағ (СО2 баламасы), табиғи газ – 490 грамм, су электр стансалары – 24 грамм, СЭС – 48 грамм бөлетіндігі анықталды.
АЭС-тің қоршаған орта мен адам денсаулығына зиянды әсері жоқтығы бұрыннан дәлелденген. Атом электр стансасын салудағы басты негізгі басымдық – оның қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауы. Сол себепті де атом энергиясы – қазіргі жаһандық жылынумен күресу құралдарының да негізі болып табылады.
Айта кетерлігі бүгіңнде Еуропадағы атом электр стансаларының өзі ақ жыл сайын 700 миллион тонна СО2 шығарындыларының алдын алады. Сол игі іске еліміздің өз үлесін қосқаны жан-жақты тиімді болар еді.
Серік АЛПАМЫС,
Мақтаарал ауданы.