2008 жылы 2 желтоқсанда Өскемен қаласында дүниеге келген Ерланов Әлижан Қуанышұлы, осы қаладағы «І.Айтықов ауылы» мектебінде бастауыш сыныпты тамамдап, 5 — сыныптан бастап «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатына» қабылданды. Бүгінде ол «Жас Ұлан» Лицейінің 92 — топ ұланы.
Жетістіктері:
Республиқалық «Мағжан оқуларынан» бас жүлдені, Семей қаласында өткен Облыстық «Тәуелсіздікке тағзым» жас ақындар жыр мүшайрасынан І– орын, Өскеменде өткен «Мәңгілік Ел» додасынан және лицейішілік «Абай оқуларынан»,«Хакім Абайға арналған өлең» сайыстарынан ІІ- орындарды иеленді. Республикалық «Ақберен» ЖАС ДАРЫН оқушыларға арналған Жобасының Облыстық кезеңінен, Республиқалық «Ілияс оқуларынан», Өскеменде өткізілген «Талғат Бигелдинов» атындағы дарындар сайыстарының сертификаттарымен марапатталды. Дарынды жас ақынның тағы басқа да Олимпиада — Конкурстардан көптеген жетістіктері бар.
Әлижан Қуанышұлы — «Тастүлек» жас ақындар үйірмесінің талапты да талғамды шәкірті. Өлеңге, аппақ мұнтаздай нәзік жаны қаршадайынан құштар. Бұл да, Жаратқанның бойға дарытқан ғажап сыйы болар. Содан ба, жас ақынның бойында жазба ақындық қасиеті тіптен ерекше. Өлеңді — сирек талғап, толғап барып, ойланып бірақ жазады. Тақырыптық ауқымы да өте кең алапты.
«Беймезгіл» жыр жинағының авторы. Ақындық айпара аппақ ғаламына ұстаздық ізгі ниетпен сәттілік тілейміз!