Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
АДАЛ ҰСТАЗ – ЖАС ДАРЫНДАРДЫҢ АЙНАСЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » АДАЛ ҰСТАЗ – ЖАС ДАРЫНДАРДЫҢ АЙНАСЫ

АДАЛ ҰСТАЗ – ЖАС ДАРЫНДАРДЫҢ АЙНАСЫ

       Ұстаз болу – тек білім беру ғана емес, болашақ ұрпақтың жүрегіне ізгілік ұялату, олардың тұлғалық дамуына жол ашу. Бұл мамандық – адам өміріндегі ең жауапты әрі қасиетті міндеттердің бірі. Әр ұстаздың жолы – үздіксіз ұмтылыс пен ізденіс, жаңашылдық пен шығармашылықтың көрінісі.
        Осы асқақ жолды өзінің өмірлік мұраты еткен тұлғаның бірі – Дәмеш Омарбаева. Ол – айтыскер ақын, әдебиетші, жоғары білімді ұстаз, аяулы ана.  Өмір жолын 1980 жылдардың ішінде Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылындағы «Тұрлыхан Қасенұлы атындағы» жалпы орта білім беретін мектептің интернатында тәрбиеші — мұғалім болып бастап, бүгінде Семей қаласындағы «Халықтық ақындар орталығының» Жетекшісі қызметін абыроймен атқарып келеді.
       Дәметкен Рамазанқызының еңбегі – сансыз шәкірттердің бойына білім мен тәрбиенің дәнін сеуіп, олардың үлкен өмірге нық қадам басуына жол сілтеумен өлшенеді. Өз ісіне ақ адал шынайы берілген ұстаз: «Дарынды оқушылармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Оқушыларымның көзіндегі шаттық, олардың әрбір жеңісі мен жетістігі – менің еңбегімнің шынайы жемісі, жүрек қуанышы. Бұл жеңістер – тек менің ғана емес, барша ұстаздар қауымының қолдауы мен бірлескен еңбегінің нәтижесі,» – дейді.
          Ұстаз үшін әр шәкірттің бойындағы жеке қабілеттерді ашу, олардың талантын дамыту мен жетілдіру – басты мақсат. Әр бала өзін таба білгенде ғана өмірде үлкен жетістіктерге жете алатынын түсінген Дәметкен Рамазанқызы бұл бағытта қажымай еңбек етуде. Оның ұстанымы: әр шәкірттің мүмкіндігін толықтай ашуға, олардың ертеңгі өмір жолында өз орнын табуына көмектесу.  Білім мен мейірімділікті, адалдықты ту етіп, жас ұрпақтың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруді өмірлік мұрат еткен ұстаз еліміздің жарқын болашағына өзіндік үлесін қосқаны айқын.
         Ұжымда да, қоғамда да Дәметкен Рамазанқызы ерекше сый- құрметке ие. Өзінің іскерлігімен, жан-жақты ізденімпаздығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен дараланып тұрады. Оның қарапайымдылығы мен адамгершілігі әріптестерінің де, шәкірттерінің де жүрегінен ерекше орын алған.
        Адал еңбек пен тынымсыз ізденістің нәтижесінде Дәмеш Омарбаеваның ұстаздық еңбегі мен шығармашылық қызметі бірнеше мәрте марапаттарға ие болды. Оның өмірлік жолы – бүгінгі жастарға үлгі, болашақ ұрпаққа бағдар.
Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы,
ақын, филолог-ғалым.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1