NewsPRESS RELEASEӘлеуметСаясат

ӘРБІР ДАУЫС ЕЛ ТАҒДЫРЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ

Қаралым: 20
         23 тамыз – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды күндердің бірі. Бұл күні әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, елдің ертеңіне ықпал ететін таңдауға қатысады. Сайлау – жай ғана дауыс беру рәсімі емес. Ол – халықтың өз еркін білдіруі, азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі, мемлекет дамуына деген ортақ жауапкершіліктің белгісі.
         «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген дана сөз бар. Сол секілді мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағы әрбір азаматтың белсенді ұстанымынан басталады. Өйткені қоғамның тағдырына бейжай қарамайтын, елінің келешегіне алаңдайтын азамат қашанда өз таңдауын жасауға асығады.
          Сайлау – демократиялық қоғамның басты құндылықтарының бірі. Ол азаматтарға мемлекет басқару ісіне қатысуға мүмкіндік береді. Әрбір берілген дауыс – халықтың сенімі мен үмітінің көрінісі. Сондықтан «менің бір дауысым ештеңені өзгертпейді» деген көзқарасқа орын жоқ. Керісінше, әрбір дауыс ел тағдыры үшін маңызды.
         Бүгінде Қазақстан әділетті, ашық әрі жауапты қоғам құру жолында маңызды қадамдар жасап келеді. Осы бағыттағы өзгерістердің нәтижелі болуы азаматтардың белсенділігіне де байланысты. Заң талаптарына сай ұйымдастырылатын сайлау науқаны – елдегі тұрақтылықтың, бірліктің және қоғамдық келісімнің айқын көрінісі.
         Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен алдағы мақсаттары – баршамызға ортақ құндылық. Сол себепті елдің дамуына үлес қосудың ең қарапайым әрі маңызды жолдарының бірі – сайлауға қатысу. Бұл – өзің үшін ғана емес, балаларыңның, туған өлкеңнің, мемлекетіңнің болашағы үшін жасалатын жауапты қадам.
Нұрғиса КҮНТУҒАН,
Мақтаарал ауданы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *