Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
“ЖЕТІСАЙ АРДАГЕРЛЕРІ” ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Денсаулық » “ЖЕТІСАЙ АРДАГЕРЛЕРІ” ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

“ЖЕТІСАЙ АРДАГЕРЛЕРІ” ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

            Спорт – денсаулық кепілі. Дені сау адам ғана қоғамның мызғымас, толыққанды мүшесі бола алады.   Сондықтан да болар, адам денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын дамытуға мемлекет ерекше назар аударып, арнайы бағдарламаларды бекіткен. Бекітілген бағдарламалардың бір бағыты аудандар мен елді мекендерде бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар өткізумен ұштасады.
              Осыған орай Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен “1 наурыз – Алғыс айту күні” аясында ерлер арасында волейболдан ашық біріншілік болып өтті.
              Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Д.Қонаев атындағы IT мектеп-лицейінде «Жастар салауатты өмірді қолдайды» ұранымен өткен турнирдің ашылу салтанатына аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы Нұрлыбек Сағынбекұлы Мутаев пен “Жетісай спорт клубы” КММ директоры Талас Битөреев қатысып, әуе доп шеберлеріне сәттілік тіледі.
           Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған байрақты бәсекеде аудан спортшыларымен қатар Алматы, Шымкент қалаларының командалары қатысып, бақтарын сынады.
           10 команда қатысқан турнирдің ақтық ойынына шыққан “Жетісай ардагерлері” мен “Алматы” командаларының ойыны көрермендердің делебесін қоздырды. Іріктеу сындарынан іркілмей шыққан қос команда бір-біріне лайықты ойын үлгісін көрсетіп, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді. Десек те, турнир қорытындысымен “1990 жылғылар” құрама командасы ІІІ орынға табан тіресе, “Алматы” құрамасының ойыншылары ІІ орынды иеленді. Ал, өздерінің тәжірибесі мен қабілеттерінің артықшылығын мойындатқан “Жетісай ардагерлері” командасы І орынды иеленіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
             Волейболдан өткен аудандық жарыста жеңімпаз атанған командалар мен әдемі ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншылар арасынан анықталған үздіктер ұйымдастырушылардың арнайы кубоктары мен қаржылай сыйлықтарына ие болды.
Бауыржан НАЙМАНОВ, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1