Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

«ЖАС ҰРПАҚ ЖӘНЕ АБАЙ МҰРАСЫ» ТАҒЫЛЫМДЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

         Семей қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» кемеңгер ойшыл, қазақ руханиятының темірқазығы хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Жас ұрпақ және Абай мұрасы» тағылымды форум өтті.  Форумның шымылдығы ақынның өмірі мен шығармашылық жолын арқау еткен «Жас Абай» әдеби қойылымымен түрілді.
        Ашылу салтанатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызы, «Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының» Сирек басылымдар қоры бөлімінің меңгерушісі Манжибаева Жаңылгүл Әділбекқызы, мектеп директоры Қайнарбаев Ербол Еділбайұлы сөз сөйлеп, мазмұнды баяндама жасады.
        Іс-шараға қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ұстаздары мен оқушылары, сондай-ақ көпшілік абайсүйер қауым қатысты.
         Кездесу аясында, халықаралық байланыс та көрініс тапты. Әзірбайжан мемлекетінің Баку қаласынан онлайн қосылған ұстаздар: Айтен Багиева, Ханым Фаталиева мен Джавахир Мамедова дана ақын шығармашылығының түркі әлеміндегі рухани маңызы жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.
       Келесі кезекте, қала мектептерінің оқушылары қатысқан түрлі танымдық және шығармашылық бағыттағы жұмыстар ұйымдастырылды. Олардың ішінде кітапханада өткен зияткерлік-танымдық кездесу, ақын шығармалары негізінде сахналық көріністер байқауы, зияткерлік ойындар және «Абайды оқы, таңырқа» ашық шаңырақ сағаты өтті. Шаңырақ сағатында оқушылардың ата-апалары мен «Абай» журналының басшысы Шарапиева Райхан Әбілмансұрқызы, «Шәкәрім университетінің» профессоры, әдеби қызметкер Қадыров Айбар Қабыкенұлы, әдеби қызметкер Омарғалиев Ерік Қайратбекұлы қатысып, аталмыш шаңырақ сағатында барынша белсенді болып, ұстаздар тарапынан қойылған хакім Абай турасындағы бірді-екілі сұрақтарға толымды түрде жауап қайтарып, жұртшылық алғысына бөленді.
       Форумшыларға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының жылжымалы көрмесі де ұсынылды. Онда музейдің жетекші ғылыми қызметкері Нұржан Ерланұлы, экскурсия жүргізушісі Дильназ Ғалымбекқызы хакімнің ғұмырнамасы қамтылған көрмені баяндап түсіндіріп, келушілердің назарын аударды.
      Жабылу салтанатында сөз алған «Абай» журналының басшысы Райхан Әбілмансұрқызы бүгінгі форумның маңызына тоқталып, мектеп кітапханасына дана Абайдың бюсть-мүсінін, көрнекті ақын, ҚР Мәдениет және Қоғам қайраткері Оспанов Мұратбек Қабиденұлының «Сөз патшасы» таңдамалы жыр жинағын, «Абай мұрасының шырақшысы» кітаптарын сонымен бірге «Абай» журналын сыйға тарту етті. Ал мектеп ұжымы «Абай» журнал басшылығы мен қызметкерлеріне арнайы «Алғыс хат» табыстап, хакім Абай қарасөз кітабын сыйға ұсынды.
«Абай» журналы редакциясы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

        ...

САЙЛАУҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСАЙЫҚ!

     Құрметті жерлестер! ...

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ!

ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ ҮДЕРІС

        ...

МЕЙІРІМ МЕН ӨНЕР ТОҒЫСҚАН КЕШ

     Жақында Ж.Қалшораев ...

БЕРІК ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ҚОҒАМНЫҢ БАСТАУЫ

        ...

БАҚША ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

        ...

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ – ХАЛЫҚ ЕРКІН БІЛДІРЕТІН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН

        ...

САЙЛАУ УЧАСКЕСІНЕН ТЫС ДАУЫС БЕРУ – ӘР АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

        ...

ЖАҢАРУ ҮШІН ДАУЫС БЕР!

https://t.me/electionelection/1916 Сайлау 1