Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
News Archives - Page 3 of 131 - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News

News

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ: БАСТЫ ТАЛАПТАР МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.       Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.       Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.       Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. ...

Read More »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ САЙЛАУЫН ТАҒАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ

2026 жылғы 01 шілде. Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 3) тармақшасына және 95-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:   Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық ...

Read More »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Қымбатты отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері! Бүгінгі Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша деп айтсақ, дұрыс болар. Бұл дүйім халқымыз үшін де айқын нәрсе, ақиқат. Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Ертең Қазақстан Республикасының ...

Read More »

МАҚТААРАЛДАҒЫ ШЕКАРА ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІНІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТТЫ

         Мақтаарал ауданы үшін маңызды жаңалықтың бірі – Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу бекеттерінің халықаралық мәртебеге ие болуы және тәулік бойы жұмыс істеуге көшуі. Бұл шешім екі мемлекет арасындағы көлік-транзиттік қатынасты дамытуға ғана емес, шекаралас өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға да тың мүмкіндік береді.        Жуырда Қазақстан Республикасы Парламентінде «Қазақстан Үкіметі мен ...

Read More »

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

        Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келіп, өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйімен танысты. Осы сапар барысында құрылыс жұмыстарының сапасы, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, білім беру және әлеуметтік саладағы нысандардың жұмысы, сондай-ақ жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.         Жұмыс сапары «ҚазКСР-нің 40 жылдығы» ауылындағы ...

Read More »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

         Мақтаарал ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Осы мақсатта аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, бірқатар маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков төрағалық етті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, аумақтық мекемелердің басшылары, кенттер мен ...

Read More »

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

       Мақтаарал ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері тұрақты бақылауда. Осы бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.         Аталмыш жиынға комиссия мүшелерімен қатар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік ...

Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: ТИІМДІ БАСҚАРУҒА БАСТАР ҚАДАМ

         2026 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күшіне енеді. Құжат мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған.          Жаңа заң мемлекеттік қызметтің сервистік моделін енгізіп, азаматтардың сұранысына жедел әрі сапалы жауап беруді басты міндет ретінде айқындайды. Сонымен қатар кадрлық процестерді ...

Read More »

БІЛІМ МЕН ТІЛ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ БЕРІК ТІРЕГІ

       Еліміздің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің басты кепілі – сапалы білім мен мемлекеттік тілдің өрісі кең, мәртебесі биік болуы. Сондықтан Қазақстанда білім беру жүйесін жетілдіру, тіл саясатын жүйелі дамыту, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, сондай-ақ кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл міндеттер Мақтаарал ауданында да кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, нақты нәтижесін ...

Read More »

ЗАЩИЩЕНЫ ПРАВА ГОСУДАРСТВЕННЫХ СЛУЖАЩИХ

         По итогам контрольных мероприятий, проведённых Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Туркестанской области за первое полугодие 2026 года по вопросам соблюдения законодательства о государственной службе и служебной этике, выявлено 145 нарушений.          Из числа выявленных нарушений устранено 113, восстановлены нарушенные права 35 государственных служащих. Кроме того, отменено 10 правовых актов, ...

Read More »