Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Қоғам Archives - Page 97 of 137 - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам

Қоғам

ЕЛІМІЗДЕ ӘСКЕРИ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТЕТІН БОЛАДЫ

        Еліміздің Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Қарулы күштері қазан айында 1992 жылы құрылған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасында  бірлескен жаттығулар өтеді.        ҰҚШҰ жүйесінің белгіленген тапсырманы орындауда дайындығын арттыру мақсатын басты назарға алып, Қазақстан аумағында жедел әрекет ету бойынша «Өзара ықпалдастық – 2022», барлау күшімен «Іздеу – 2022” және материалдық-техникалық ...

Read More »

ДАУЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ

         3 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқықтарын қорғау туралы заңға қол қойды. Осы заңға сәйкес енді билік мессенджерлер мен әлеуметтік желі иелерінен балаларға кибербуллинг деп танылған контентті алып тастауды талап ете алады.          Осыған дейін 20 сәуірде ҚР Парламентінің Мәжілісінде осы заң жобасы талқыланып отырғанда, Сенат кибербуллингті анықтау үшін сарапшылар комиссиясын құрып, егер де әлеуметтік ...

Read More »

ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

           Қазіргі кезде еліміздегі «жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен» түрлі қаржылық пирамидалары ел азаматтары үшін үлкен мәселеге айналып отыр.       Тәуелсіз зерттеулер соңғы кездері қарапайым халықтың әртүрлі қаржылық пирамидалардан қатты зардап шегіп жатқанын көрсетуде. Азаматтардың көпшілігі өздерінің бар жиған-тергендерін осындай қаржылық пирамидаларға салып, күнделікті күн көрістері нашарлап отыр. Ресми деректерге қарағанда бүгінгі таңда сол бағытта 65 ...

Read More »

ҚАЗАҚСТАНДА IV «ЖАСЫЛ КЕҢСЕ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛАДЫ

     2022 жылғы 6 мамыр, Sputnik Қазақстан Баспасөз орталығы Уақыты: 11:00. Нұр-Сұлтан қ., Қонаев к-сі, №10 үй.         6 мамырда сағат 11:00-де Sputnik Қазақстан Баспасөз орталығының алаңында жыл сайынғы «Жасыл кеңсе» экологиялық республикалық байқауының баспасөз брифингі өтеді.       Байқаудың мақсаты-қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикасын арттыру үшін экологиялық өмір салты, «жасыл» және төмен ...

Read More »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстың ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер      Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығы (бұдан әрі — Сыйлық) Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау, Орта Азия мен Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың ісі мен өнегесін өскелең ұрпаққа дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, Сыйлық талантты ...

Read More »

ҮКІЛЕГЕН ҮМІТТЕРІМІЗ

         Ағымдағы жылдың 18 тамызында қабырғасының қаланғанына 30 жыл толатын ҰҚК Шекара қызметінің төл мерекесіне дайындық толассыз жүріп жатыр. Шекара аймақтарында сенбіліктер өтіп, ағаш егу акциялары жалғасуда. Үстіміздегі жылдың басынан бері қарай қолға алынған әрбір шара, жетістіктер мен жеңістер – шекарашылардың төл мерекесін ұлықтай түседі.         Бүгін ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінде ...

Read More »

ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ТҮРКИЯ

       Биылғы жылы сәуірдің 27-сі мен мамырдың 1-і аралығында талдықорғандық әріптес Айман Асылбекова екеуімізге тарихы терең, қойнауы құпияға толы Түркияға сапар шегудің сәті түсті.         Қазақстандағы Түркітілдес журналистер қоры мен оның басшысы Нәзия Жоямергенқызының тікелей қолдауы арқасында сапардың барлық шығынын ұйымдастырушылар көтерді. Осындай мүмкіндіктің арқасында ел аралап, жер көрдік. Жақсы адамдармен танысып, сапарлас болдық.   ...

Read More »

440-ДЕН АСТАМ САРБАЗ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

          Тәуелсіз еліміздің тыныштығын күзету – ер азаматтар үлесіндегі қастерлі міндет. Бүгін тепсе темір үзетін жігіттер сапқа тұрып, туған Отанының тыныштығын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Рәсім ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара ауданының Ақжар ықшамауданында орналасқан кәсіби-техникалық және дайындық бөлімінде өтті.         Жас жауынгерлер курсынан өтіп ...

Read More »

СОТТАЛҒАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

          «1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі» мерекесінің қарсаңында,  салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық прокуратурасының ұйытқы болуымен – Шымкент қалалық, Еңбекші аудандық пробация қызметінің бөлімі   Шымкент  қалалық №1 Пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандардың арасында футболдан жарыс өткізді.           Тартысты өткен сайыстың жеңімпаздарына мекеме атынан Құрмет Грамоталары және Алғыс ...

Read More »

МАҚСАТ – ЖАЛҒАН АҚПАРАТПЕН КҮРЕСУГЕ ҮЙРЕТУ

         Қостанай. 27 сәуір. Қостанай қаласында Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының қолдауымен 2022 жылдың 27-28 сәуірінде «Fake news. Fact-checking. Information manipulation» тақырыбында семинар-тренинг өтеді. Шараға Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймағынан арнайы сауалнама арқылы алдын ала іріктеуден өткен 30 журналист қатысып жатыр. Журналистердің жол, тамақ, қонақүй шығыдары Түркітілдес журналистер қоры өтейді.         ...

Read More »