Warning: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-content/themes/jarida/functions/common-scripts.php on line 150
Қылмыс пен жаза Archives - Page 3 of 13 - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Қылмыс пен жаза

Қылмыс пен жаза

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ

           ХХІ ғасырдың басында дүниежүзілік интернет желісі экстремистік және террористік ұйымдардың ақпараттық қызметінің негізгі алаңына айналды. Бұл құбылыс ақпаратты онлайн таратудың тиімділігі мен ыңғайлылығына, географиялық шоғырлануына қарамастан ауқымды аудиторияны (интернет желісін пайдаланушылардың  жалпы саны – 4,54 млрд, Қазақстан аумағында – 17,5 млн) қамту мүмкіндігіне ие.            Экстремистік топтар тарапынан жаңа жақтастарды қатарына тарту үшін барлық қолжетімді ...

Read More »

СЫБАЙЛАСТЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ — МІНДЕТІМІЗ

            Бүгінгі таңда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.             Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды ...

Read More »

ДІН АТЫН ЖАМЫЛҒАН ЖАЛҒАН АҒЫМДАР

         Елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және сөзсіз ...

Read More »

АЛАШТЫҢ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН – «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ

         ХХ ғасырдың әр салада білім алып келген зиялы қазақ азаматтарының басын біріктірген негізгі ұйытқы – Қазақ газеті болғандықтан, аталмыш басылым бетінде ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени мәселелер жарияланып тұрды.         Өткен ғасырлардағыдай қолға қару алып, көтеріліс жасаудың қараша халық үшін тек зиян әкелетіні көзі қарақты қазақтың әрбір оқыған азаматы үшін анық еді. Сол кездерде ...

Read More »

БІРЛІК – БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

         Бірлік – адамзатты жаңа белестерге шығарған үлкен құндылық. Бұл қасиетті қадір тұтқан қазақ халқы оны мақалдарынан да, даналықтарынан да жырақ қалдырмаған. Ұлы Дала пәлсапасының көрінісі болған мақалдарда «Бірлік болмай тірлік болмайды», «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» делінсе, даналардың сөздері «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»,-деген қанатты сөздермен өрбіп жатты. ...

Read More »

«ЖАҢА ТАНЫСТАРДЫҢ» УЛЫ УАҒЫЗДАРЫ

        Діни ағым жетегіне аңдаусызда еріп кеткендердің көбі бұл жолға қалай түскенін байқамай қалады. Себебі ешбір діни ағым өздерін діни ағымбыз деп таныстырмайтыны белгілі. Олар өздерінің жолын «Ең дұрыс жол» немесе «Бақытқа жетелер жалғыз жол», «Таза Ислам»деп насихаттайды. Нақтырақ айтқанда көпшілік діни ағымдар өздерін «Әһлі сүннет уәл жамағаданбыз»,-деп таныстырады. «Әһлі сүннет уәл жамаға» деп отырғанымыз жалпақ тілмен ...

Read More »

АЗАМАТТАРДЫҢ ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ

         Заң – қоғамдағы бейбітшілік пен әділеттілікті қамтамасыз ететін және адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық институт. Ол адамның құқықтарын зорлық-зомбылықтан, ұрлықтан және басқа да қол сұғушылықтардан қорғайды. Заңдар қоғамдағы тәртіп пен тепе-теңдікті орнатады. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды». Сондықтан, әр адамның және жалпы қоғамның басты міндеті – ол заңға бағыну. Егер заңдар ...

Read More »

ПРОКУРОР МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбековтің бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оларға қатысты зорлық-зомбылық профилактикасы бағытында уәкілетті органдармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін қарау мақсатында мекеме аралық жиын болып өтті. Аталмыш жиынға Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков пен аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Шүкірбаева, полиция ...

Read More »

КЕҢ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА БОЛЫП ӨТТІ

      Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық полиция департаментінің ғимаратында Еңбекші аудандық прокуратурасының бөлімінің бастығы Е.Насридин, ЖПҚ бастығы О.Алгибаев пен Еңбекші аудандық №1ПҚБ қызметкерлері және сотталған азаматтардың қатысуымен кең ауқымда іс шара болып өтті.       Маңызы ерекше осы іс шараның мақсаты – 2023 жылдың ақпан айының 16-23 аралығында өткізілетін «Пробациялық бақылау» атты жедел-профилактикалық іс-шараны жан-жақты талқылап, қоғамнан оқшаулауға ...

Read More »

АУДАН ПРОКУРОРЫ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

          Жетісай ауданындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен аудан аумағында құқықбұзушылық профилактикасын кешенді жүзеге асыру шараларын нақтылау, пысықтау мақсатында мекемеаралық мәжіліс болып өтті.          Жетісай ауданының прокуроры Айдархан Жүнісбеков пен аудан әкімі Серік Мамытов, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Марат Қадырқұлов пен пробация қызметі бөлімінің басшысы Дильшат Назаров, барлық ...

Read More »